№1 Балалар музыка мектебінде Республика күніне арналған «Тәуелсіз елдің әуені» атты мерекелік концерт өтті. Концерт барысында жас өнерпаздарымыз ұлттық өнерімізді дәріптеп, әсем әуендерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әрбір орындалған шығарма — Отанға деген сүйіспеншілік пен елге деген мақтаныштың көрінісі. Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!