Күй күмбірі

Қазақстандық  Ұлттық  ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясықолдауымен республикалық «Күй күмбірі»  атты домбырашылар арасындағы қашықтықтан (онлайн) 2023 жылдың 17,18 наурыз күндері байқау өтті.

Байқауға төрелік еткен әділқазылар алқасы төрағасы: 

Раимбергенов Абдрашид Искакович – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті “Музыка және хореография” кафедрасының доценті, өнертану мамандығы бойынша философия докторы;

Әділқазылар алқасының мүшелері: 

Ажигалиева Узипа Ажигалиевна – А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің домбыра класы оқятушысы; 

Хамзин Талап Едилханулы-

А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің оқытушысы,Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас концертмейстері, Күйшілер одағы қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша жетекшісі,Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі.