2023 жылдың 29 сәуір күні № 1 Балалар музыка мектебінде Қазақстандық Ұлттық

2023 жылдың 29 сәуір күні № 1 Балалар музыка мектебінде Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы

қолдауымен өтетін республикалық

«Қобыз сарыны» атты қобызшылар арасындағы 

қашықтықтан байқау өтті 

Мақсаты: Ұлттық өнерді дамыту, қыл қобызшылар мен қобызбен сүйемелдеу шығармашылығын насихаттау, оларға жан-жақты қолдау көрсету және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. 

1. Қатысушылардың жас ерешеліктері:

 1) Кіші топ –7-9 жас;

 2) Орта топ – 10-12 жас;

 3) Үлкен топ–13-15 жас;

 4) Аралас топ. ( ансамбль)

2.Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:

2.1. Байқауға жоғарыда көрсетілген жас ерекшеліктері бойынша 1 оқушыдан, әр қосымша білім беру ұйымдарынан барлығы 3 оқушы, 1 ансамбль қатыса алады. (жеке өнер мектептері қатысуға рұқсат етілмейді). 

2.2. Әрбір қатысушы (соло, қобызшылар ансамблі, ансамбльде бір оқытушы немесе жетекшісі топпен бірге орындай алады) еркін тақырыпта кез – келген 1 шығарманы орындап, видеоға түсірулері қажет. 

2.3. Әр шығарманың уақыты 4-5 минут. 

Байқауға төрелік еткен әділқазылар алқасы: 

Сәрсенгалиева Шынар Шарафатдиновна – А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі қобыз бөлімінің оқытушысы 

Нысанов Жігер – А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі қобыз бөлімінің оқытушысы 

Утешова Улбосын Бегалиқызы – № 1 Балалар музыка мектебі қобыз класының оқытушысы

Байқауға барлығы 119 оқушы қатысты

Кіші топ – 24

Орта топ – 46

Үлкен топ – 28

Ансамбль – 21

Дипломдар почталарға жіберіледі✔️

@obrazovanie_gorod_aktobe 

@unescoclubs_kz 

@aqtobe_bilim_basqarmasy