Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына жарияланған конкурс қорытындысы

№1 Балалар музыка мектебі педагогті конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес жүргізілді.
– Конкурсқа қатысуға хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде (23.01- 31.01.2026ж) жүргізілді.
Нәтижесінде жұмысқа қабылданған:
Сағыдықов Жігер Ерланұлы – домбыра класының оқытушысы (1 бірлік)
Қалған бос лауазымдар бойынша өтініштер келмегендіктен конкурс қайта жарияланатын болады.