Қош келдің, – Әз-Наурыз!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында № 1 Балалар музыка мектебінде “Қош келдің, – Әз-Наурыз!” атты салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында бөлімдер арасында “Ең үздік ұлттық қазақи дастархан” және Сырға салу, Қыз ұзату, Бет ашар, Шілдехана сынды салт-дәстүр тойларынан сайыс өтті.

 Мерекелік дастарханда ет асылып, үлкендердің батасын алып, ән айтылып, би биленіп, ойын ойнап Наурыз тойы өте жақсы деңгейде тойланды.

 Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын💐💐💐💐💐