Қош келдің, — Әз-Наурыз!

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы қарсаңында № 1 Балалар музыка мектебінде «Қош келдің, — Әз-Наурыз!» атты салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында бөлімдер арасында «Ең үздік ұлттық қазақи дастархан» және Сырға салу, Қыз ұзату, Бет ашар, Шілдехана сынды салт-дәстүр тойларынан сайыс өтті.

 Мерекелік дастарханда ет асылып, үлкендердің батасын алып, ән айтылып, би биленіп, ойын ойнап Наурыз тойы өте жақсы деңгейде тойланды.

 Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын💐💐💐💐💐