Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы қолдауымен өтетін республикалық «Күй күмбірі»…

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы

қолдауымен өтетін республикалық

«Күй күмбірі» атты домбырашылар арасындағы 

қашықтықтан (онлайн) өтетін байқау

ЕРЕЖЕСІ

Ұйымдастырушы: «№ 1 Балалар музыка мектебі» МКҚК 

Өткізілетін орны: «№ 1 Балалар музыка мектебі» МКҚК акт.залы

Өткізілу мерзімі: 16 наурыз 2023 ж., сағ 10.00

🔷1.Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:

1.1. Байқауға қосымша білім беру ұйымдарының домбыра класы бойынша білім алушылары қатыса алады.

1.2. Әрбір қатысушы (соло немесе домбырашылар ансамблі) еркін тақырыпта кез – келген 1 күйді орындап, видеоға түсірулері қажет.

1.3. Әр күйдің уақыты 2-4 минут.

🔷2. Қатысушылардың жас ерешеліктері:

 1) Кіші топ –7-9 жас;

 2) Орта топ – 10-12 жас;

 3) Үлкен топ–13-15 жас;

 4) Аралас топ. ( ансамбль)

3. Өтініш білдіру:

– мекеме басшысының қолы мен мөрі қойылған өтініш баспа түрінде белгіленген нұсқасы бойынша (қосымша 1) тапсырылады:

– өтініш, видеосымен бірге 2023 жылғы 10 наурызға дейін muzshkola2022@mail.ru электронды поштасына қабылданады(өтініш түсінікті, видео сапасы анық болу тиіс, ).

– Өтініш пен видео жіберілгеннен кейін мәлімет алу үшін конкурс ұйымдастырушыларымен алдын-ала хабарласу қажет.

@aqtobe_bilim_basqarmasy 

@obrazovanie_gorod_aktobe 

@metodcabinet_aktobe 

@rumcdo_official