2023 жылдың 28 қаңтар күні Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы…

☑️2023 жылдың 28 қаңтар күні Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы

қолдауымен, № 1 Балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен облыстық

«Таланттар әуені» атты баян-аккордеон, виолончель және скрипкашылар арасындағы

қашықтықтан (онлайн) байқау өтті.

☑️Мақсаты: Жас дарындар арасынан шығармашылық қабілеті жоғары, тапқыр талантты жан-жақты өнерлі балаларды тәрбиелеу, білім мен өнер жолына бағдар беру, дарынды жас өнерпаздарды қолдап, шығармашылық дамуына жол ашу. 

🔷Байқауға төрелік еткен әділқазылар алқасы:

✔️Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ғылыми педагогика магистрі, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясындағы камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері – Ермекбаев Али Акбергенович

✔️ А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің баян класының оқытушысы – Елубай Әсет Елеусізұлы

✔️ Ақтөбе музыкалық колледжінің виолончель класының оқытушысы – Ерсултан Эрнисович. 

Байқауға 60 қатысушы Алға балалар өнер мектебінен, Қарғалы аудандық балалар өнер мектебінен, Қ.Медетов атындағы балалар өнер мектебінен, № 3 Балалар өнер мектебінен, № 1 Балалар музыка мектебінен, Қобда аудандық балалар өнер мектебінен, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінен, № 2 Балалар музыка мектебінен, Хромтау балалар музыка мектебінен оқушылар қатысты.

Дипломдарыңыз электронды пошталарыңызға жіберіледі❗️