2023 жылдың 28 сәуір күні № 1 Балалар музыка мектебінде Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО

2023 жылдың 28 сәуір күні № 1 Балалар музыка мектебінде Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы қолдауымен облыстық

«Алтын дауыс» атты академиялық вокал жанры бойынша

қашықтықтан (онлайн) байқау өтті.

Мақсаты: Музыкалық дарынды білім алушылар мен талантты оқушыларды қолдау, олардың шығармашылық белсенділіктерін, кәсіби бағдарын ынталандыру. 

1.Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:

1.1. Байқауға 7-15 жас аралығында оқушылар қашықтықтан (онлайн), әр қосымша білім беру мекемесінен 5 оқушыға дейін қатыса алады.

1.2. Байқау талаптары бойынша әділқазылар алқасы байқау талапкерлерінің шығарманы академиялық бағытта орындау шеберлігі, киім үлгісі бойынша бағалайды.

1.3. Солистер уақыты 2-5 минутқа созылатын бейнероликте 1 шығарма жіберілуі керек.

+ фонограммамен шығарма орындауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

2. Қатысушылардың жас ерешеліктері:

 1) Кіші топ –7-9 жас, кез – келген тақырыптағы 1 ән (академиялық бағытта)

 2) Орта топ – 10-12 жас, академиялық бағытқа негізделген 1 шығарма.

 3) Үлкен топ–13-15 жас, академиялық бағытқа негізделген 1 шығарма.

Байқауда төрелік еткен әділқазылар алқасы: 

Саламас Гаухар Самбайқызы – А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің вока бөлімі оқытушысы

Сапарова Манзура Сейілхановна – Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе филармониясының әншісі, К.Бәйсеітова атындағы медаль иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі,

Оразғалиева Сандуғаш Нұркенқызы – № 1 Балалар музыка мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, хор жетекшісі

Байқауда 31 қатысушы бақ сынады

✔️Кіші топ 5 оқушы

✔️Орта топ 14 оқушы

✔️Үлкен топ 12 оқушы қатысты.

Байқау дипломдары жетекшінің электронды почтасына жіберіледі

@obrazovanie_gorod_aktobe 

@unescoclubskz 

@aqtobe_bilim_basqarmasy