Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен (өзгерістер мен толықтырулар 01.03.2023 №56) бекітілген білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына сәйкес, білім беру ұйымының жарғысы қызметтерін іске асыруына көмек беру, білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету мақсатында №15 балалар музыка мектебінде Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.
Құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 16-шы қыркүйегіне дейін қабылданады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
- мектептен тыс ұйымдарда білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері;
- педагогикалық еңбек ардагерлері;
- жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
- үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері;
- қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар;
- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;
- оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері енгізілуі мүмкін.