Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен (өзгерістер мен толықтырулар 01.03.2023 №56) бекітілген білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына сәйкес, білім беру ұйымының жарғысы қызметтерін іске асыруына көмек беру, білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету мақсатында №15 балалар музыка мектебінде Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.

Құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 16-шы қыркүйегіне дейін қабылданады.

Қамқоршылық кеңестің құрамына:

  • мектептен тыс ұйымдарда білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері;
  • педагогикалық еңбек ардагерлері;
  • жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
  • үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері;
  • қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар;
  • бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;
  • оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері енгізілуі мүмкін.