10.03.2026ж. Қазақ ұлт аспаптар бөлімі апталығы аясында әдістемелік отырыс



Қазақ ұлт аспаптар бөлімі апталығы аясында өткен әдістемелік отырыс
Ұстаздар қауымы өзара тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды. Отырыс барысында бөлім мұғалімдері өздерінің шығармашылық ізденістерімен бөлісіп, мазмұнды баяндамалар жасап, заманауи әдіс-тәсілдерге негізделген презентациялар ұсынды. Әрбір көрсетілген жұмыс білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған нақты тәжірибелермен ерекшеленді.
Бұл кездесу ұстаздар үшін жаңа идеялар мен тың бастамаларға жол ашып, ұлттық өнерді дәріптеу мен оқыту сапасын арттыруға серпін берді.
✨ Ұлттық өнер – ұлттың жаны. Оны ұрпаққа жеткізу – ұстаздардың қасиетті миссиясы!