СЕМИНАР Қалалық вокал

«Ән айту өнерінде дауыс қою ерекшеліктері» тақырыбында қалалық семинар

22 ақпан күні “Ақтөбе қаласының білім бөлімі” ММ  жанындағы “Әдістемелік кабинет” КММ бірігіп   №1 Балалар музыка мектебінің вокал класының оқытушылары  «Ән айту өнерінде дауыс қою ерекшеліктері» тақырыбында қалалық семинар өткізді.

Семинарға қосымша білім беру ұйымынан 16 оқытушы қатысты.

Семинар барысында №1 Балалар музыка мектебі “Вокал” бөлімінің оқытушылары академиялық вокалдан  М.С.Сапарова, эстрадалық вокалдан Б.Б.Қатарбаева, дәстүрлі ән бойынша Н.С.Шайық, В.А.Алматова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

✔️✔️✔️№41 Назерке балабақшасының логопеді Г.К.Молдагалиева «Тұтығу диагнозы бойынша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту» тақырыбында жаттығулар түрін көрсетті. ✔️✔️✔️Семинарға қатысушылар, мұндай кездесулер педагогтардың іс тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай олардың кәсібилігін дамытуда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.