2025–2026 оқу жылының қорытындысы

Ақтөбе қаласының қосымша білім беру ұйымдары арасында өткізілген мониторинг байқауының қорытындысы бойынша №1 Балалар музыка мектебі жоғары нәтижелерге қол жеткізді! ✨

«Жас қырандар» номинациясы — І орын
«Ұстаздар шабыты» номинациясы — ІІ орын

Сонымен қатар, оқушылардың білім сапасын арттыру бағытындағы жоғары көрсеткіштері үшін мектебіміз Ақтөбе қаласының қосымша білім беру ұйымдары арасында І жүлделі орын иеленді.

Бұл — ұстаздардың ерең еңбегі, оқушылардың талпынысы мен ата-аналардың қолдауының жемісі!