2026-2027 оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі
2026-2027 оқу жылының алғашқы “Конституциялық құндылықтар және адал азамат: қосымша білім беру ұйымдарын трансформациялаудың басымдықтары” педагогикалық кеңесі өтті.
Күн тәртібінде:
- Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары және оқу жүктемесін педагогтер арасында бөлу туралы.
- Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы. 2026-2027 оқу жылындағы тәрбие жұмысының басымдықтары: жаңа халықтық Конституцияда айқындалған құндылықтар мен қағидаттары білім беру жүйесінде іске асыру.
- “Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау” мемлекеттік қызметін көрсету туралы.
- Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы.
- Әр мәселе бойынша дауыс беру және жеке-жеке шешім қабылдау.
Жаңа оқу жылын жаңа мақсаттар мен тың идеяларға толы, нәтижелі бастауға дайынбыз!

