19.03.2026ж. “Наурыз думан” – Ұлыстың ұлы күні!

Көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Наурыз думан» атты концерттік бағдарламамыз жоғары деңгейде өтті.

✨ Кеш барысында аспаптық ансамбльдеріміз, дәстүрлі әншілер ансамблі және вокал класының оқушылары өз өнерлерін паш етіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

🎶 Ұлттық рухты дәріптеген бұл шарада қазақтың салт-дәстүрлері де кеңінен насихатталды. Соның бірі – тұсау кесер рәсімі көпшілікке көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды.

⚜️Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнатылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

🙏 Кеш соңында көрермендерден ақ баталар алынып, мерекелік кеш ерекше жылулықпен қорытындыланды.

🌸 Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ әкелсін!