ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

Төтенше жағдай (ТЖ) — адам өміріне қауіп төндіретін жағдайлар, олар өндірістік апат, террористік акт, әскери операциялар немесе жер сілкінісі, сел жүру секілді табиғи апат салдарынан болуы мүмкін. Халықты осындай қауіптен сақтау үшін, Төтенше жағдайлар министрлігі және Азаматтық қорғаныс штабы сияқты қызметтер ұйымдастырылған. Қандай да бір қауіптілік төнген жағдайда арнайы қызмет орындарына хабар беріп, көмекке шақыру керек.
112-ге хабарласыңыздар!

Бұл Төтенше жағдайлар департаменті диспетчерлік қызметінің телефон номері. Бұған ұялы телефоннан SIM-картасыз да хабарласуға болады.

Басқа да төтенше қызметтердің номерлері:

Өрт сөндірушілер 101;
Полиция 102;
Медициналық жедел жәрдем 103;
Газдың апаттық қызметі 104;
Терроризмге қарсы қызметтің тікелей арнасы 110.

Материалдық зиян келтіретін және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін бақылаусыз өрт. Орман және дала өрттері үлкен аумақты алады, ал қалада болған өрт көптеген адамдардың өмірінін қияды.

Өрттердің шамамен 80%-ы адам кінәсінен болады, яғни өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу немесе ақауы бар техниканы қолдану салдарынан орын алады. Сондықтан өртпен күресудің ең жақсы жолы – оның пайда болуының алдын алу болып табылады.
[09:19, 06.03.2025] Гулбарам: Жұмыс істемейтін электр жабдықтарын қолданбаңыз. Үйдегі барлық розеткалар мен электр сымдарын жөнге келтіріңіз.
Егер де сіз жатақханада тұрсаңыз және онда қандай да бір розетка немесе электр сымы жұмыс істемесе, дереу арнайы қызмет орындарына хабарласыңыз.
Жанатын сұйықтар (еріткіштер, ацетон, аэрозоль) жылы жерден, оттан және күн сәулесінен аулақ тұруы керек.
Лак және басқа да химиялық бояуларды газдың үстіне жылытпаңыз, бензинге жумаңыз; плитаның үстіне кептірмеңіз.
Отты және газ плитасын қараусыз қалдырмаңыз.
Газ плитасының қасында орамалды қолданбаңыз, оның шеті отқа тиіп кетсе, өрт шығуы мүмкін. Арнайы қолғап ұстаңыз.
Жылытқыш құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, оның үстіне мата жаппаңыз.
Майшам жақпаңыз, перденің қасында немесе төсектің үстінде темекі шекпеңіз.
Үйден шығар алдында өртке қауіпті заттардың барлығын түгел өшіріп кетіңіз.

Сел (сел жүру) – қатты жаңбыр немесе қардың тез еруі нәтижесінде тау өзендерінің бассейндерінде кенеттен пайда болатын су, құм және тас қоспасы аралас ағатын, үлкен жойқын күштің ағыны.

Соңғы 160 жылда Алматыда алты рет апатты сел болды. Олардың бірі 1921 жылдың 8-9 шілде күндері болып, 600-ден астам адамның өмірін қиып кетті. Алматыдағы Пушкин, Қонаев және Достық көшелерінің маңында жатқан алып тастар – осы қайғылы оқиғаның салдары.

Тағы бір жойқын сел 1963 жылы 7 шілде күнгі аптап ыстықта Есік өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан Жарсай моренна-мұзды көлі жарылып кеткен кезде болды. Сел көл жағасындағы қонақ үй мен мейрамхананы қиратып, тікелей Алматыға қарай бет алды, осы апат салдарынан қаза тапқандардың нақты саны әлі күнге дейін белгісіз.

Мұндай апат қайталанбас үшін, 60-жылдардың екінші жартысында Алматыны селден қорғау бойынша дүниежүзілік тарихта теңдесі жоқ жұмыстар жүргізілді – қазіргі Алматының көрнекті жеріне айналған Медеу тау бөктерінде плотина (бөгет) салынды. Соған қарамастан, қаланың кейбір аудандарында қауіп әлі де сақталуда.