“Үштік одақ: мектеп – ұстаз – ата-ана” ата-аналар форумы
27.09.2024 күні мектебімізде “ҮШТІК ОДАҚ: МЕКТЕП – ҰСТАЗ – АТА-АНА” тақырыбында 2024-2025 оқу жылында қабылданған оқушылардың ата-аналарына ата-аналар форумы болып өтті.
⚜️Форум мақсаты: Саналы тәрбие, сапалы білім беруде мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін қалыптастыру.
⚜️Форум барысында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Д.Н.Алданазарова жаңа оқу жылының жоспарымен таныстырып, мектептің біршама жетістіктеріне тоқталып өтті және ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
⚜️Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.И.Есқалиева ата-аналарға “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының жаңартылған мазмұнын таныстырып, барлық іс-шаралардың бағдарлама аясында ұйымдастырылатын және ата-аналар тарапынан үнемі ұлттық құндылықта қолдау қажет екенін айтып өтті.
Сонымен қатар, мектептің ішкі тәртібі және сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі бас назарда болуы керектігі де айтылып өтті.
⚜️#біртұтастәрбие “Біртұтас тәрбие” бағдарламасына қолдау білдіріп ата-аналар форумда ұлттық нақышта киініп, ұлттық болмысқа назар қойды.
⚜️Форумда ата-аналармен жағымды орта қалыптастыру мақсатында тренингтер жүргізіліп, жас ұстаздар өнерлерін көрсетті.
⚜️Форум соңында ата-аналарға арналған сауалнамаға цифрлы үлгіде жауап алынып, түрлі қауіпсіздіктің алдын алу мақсатындағы жадынамалар таратылды.