ПОЭЗИЯ КЕШІ ГҮЛСАМАЛ ТӨРЕДИНҚЫЗЫ

«Көгілдірім көркем – Көкемарал Көктем!» атты поэзия кеші
8 ақпан күні мектебімізде жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер, аудармашы Аймаханова Гүлсамал Төрединқызының ұлылығын дәріптейтін «Көгілдірім көркем – Көкемарал Көктем!» атты поэзия кеші өтті.
Мақсаты:жас ұрпаққа жергілікті ақынымызды таныстыру, поэзияға қызығушылықтарын ояту.
Кеш оқушыларға рухани азық болды. Поэзия кешінде оқушылар Гүлсамал Төрединқызының ақындық жолымен танысып, шығармашылығын талдап, жергілікті ақынымыздың өлеңдерін оқып, балалардың поэзияға қызығушылықтары оянды.
Жақсылықты, ізгілікті өлең – жырлары арқылы сіңіріп, біздерге ем беріп жүрген ақынымыз Гүлсамал Төрединқызымен таныс болды
Өткізілген шараға ат салысып келген Гүлсамал Төрединқызына алғысымызды білдіре отыра, шығармашылық табыс тілейміз!