БАЛА БАҚЫТ

“Бала -бақыт, бала -шаттық, бала -нұр” атты  концерттік бағдарлама

1 маусым күні  Тұңғыш Президент саябағында “Бала -бақыт, бала -шаттық, бала -нұр” атты бағдарламада 2022 жылғы 22-27 мамыр аралығында “Балалар жылы” және 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылған облыстық байқау жеңімпаздары марапатталды.

Облыс көлемінде өткізілген 14 байқауға барлық қосымша білім беру ұйымдарынан 4-16 жас аралығындағы 3080 бала қатысқан болатын.Солардың ішінде бақтарын сынасқан біздің мектептің оқушылары да жүлдеден құр қалмады.

БАС ЖҮЛДЕ иеленген оқушыларымыз Ақтөбе облысының білім басқармасы басшының Дипломындарын  және сыйлықтарын иеленді.

✔️Маймаков Нұржан — “Баян” номинациясы;

✔️Молдағалиев Бекарыс — “Домбыра” номинациясы;

✔️Сагалова Алина- “Скрипка” номинациясы;

✔️Шарафаддинова Айгүл — “Академиялық вокал” номинациясы;

✔️”Зере” қобызшылар ансамблі- “Ұжымдық” номинациясы;

✔️”Көңілашар” фольклорлық ансамблі- “Ұжымдық” номинациясы бойынша байқауда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, жеңіс тұғырынан көріне білді!

Құттықтаймыз!