БАЛА БАҚЫТ

“Бала -бақыт, бала -шаттық, бала -нұр” атты  концерттік бағдарлама

1 маусым күні  Тұңғыш Президент саябағында “Бала -бақыт, бала -шаттық, бала -нұр” атты бағдарламада 2022 жылғы 22-27 мамыр аралығында “Балалар жылы” және 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылған облыстық байқау жеңімпаздары марапатталды.

Облыс көлемінде өткізілген 14 байқауға барлық қосымша білім беру ұйымдарынан 4-16 жас аралығындағы 3080 бала қатысқан болатын.Солардың ішінде бақтарын сынасқан біздің мектептің оқушылары да жүлдеден құр қалмады.

БАС ЖҮЛДЕ иеленген оқушыларымыз Ақтөбе облысының білім басқармасы басшының Дипломындарын  және сыйлықтарын иеленді.

️Маймаков Нұржан — “Баян” номинациясы;

️Молдағалиев Бекарыс — “Домбыра” номинациясы;

️Сагалова Алина- “Скрипка” номинациясы;

️Шарафаддинова Айгүл — “Академиялық вокал” номинациясы;

️”Зере” қобызшылар ансамблі- “Ұжымдық” номинациясы;

️”Көңілашар” фольклорлық ансамблі- “Ұжымдық” номинациясы бойынша байқауда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, жеңіс тұғырынан көріне білді!

Құттықтаймыз!