06.11.2026 күні №2 педагогикалық кеңес өтті
2026 жылғы 6 қараша күні сағат 17:00-де педагогикалық кеңес өткізілді.
Кеңес барысында күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелер қарастырылды:
№1 педагогикалық кеңесте қабылданған қаулылардың орындалуы;
I тоқсанның оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы;
Білім алушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуына талдау;
Топтық пәндер бойынша білім сапасы;
Үлгерімі төмен білім алушылармен жеке жұмыс нәтижелері;
Техникалық сынақтар мен бақылау сабақтарының нәтижелері;
Өзара сабаққа қатысудың қорытындысы;
Оқушыларды байқаулар мен фестивальдерге дайындау барысы;
Педагогтердің тиімді әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасуы.
Педагогикалық кеңес барысында оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелері сараланып, алдағы жұмыс бағыттары талқыланды.
Бір мақсат – сапалы білім, бірлескен жұмыс – ортақ нәтиже!

