2023 жылдың 28 сәуір күні № 1 Балалар музыка мектебінде «Құрмет» орденінің иегері, «Мәдениет қайраткері», «Мәдениет саласының үздігі» атағы

2023 жылдың 28 сәуір күні № 1 Балалар музыка мектебінде «Құрмет» орденінің иегері, «Мәдениет қайраткері», «Мәдениет саласының үздігі» атағы, «Ы.Алтынсарин атындағы» төс белгісі, Республикалық «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері , Қазанғаптанушы- Райымбергенов Абдулхамит Ысқақұлымен «Күй төресі Қазанғап» атты кездесу кеші өтті.

Кеш жүргізушісі: – күйші, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазанғаптанушы Жайлау Жаншаұлы Асылханов

Аталмыш кеште А.Райымбергеновтың жаңадан жарық көрген «Күй төресі Қазанғап» атты кітабы жөнінде сөз қозғады, сонымен қатар кеш барысы Қазанғап туралы қызықты әңгімелерге толы болды.

@bilim_akimat1160 

@obrazovanie_gorod_aktobe