«№ 1 Балалар музыка мектебі» МКҚК мен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы қолдауымен өтетін облыстық…

«№ 1 Балалар музыка мектебі» МКҚК мен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы қолдауымен өтетін облыстық «Таланттар әуені» атты баян-аккордеон, виолончель және скрипкашылар арасындағы қашықтықтан (онлайн) байқау өтеді.

📍Өткізілетін орны: «№ 1 Балалар музыка мектебі» МКҚК акт.залы

Өткізілу мерзімі: 28 қаңтар 2023 ж., сағ 10.00

✔️Мақсаты: Жас дарындар арасынан шығармашылық қабілеті жоғары, тапқыр талантты жан-жақты өнерлі балаларды тәрбиелеу, білім мен өнер жолына бағдар беру, дарынды жас өнерпаздарды қолдап, шығармашылық дамуына жол ашу. 

✔️Міндеттері: 

1) музыкаға қабілетті, дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау;

2) Балалар мен жасөспірімдердің аспапта орындау шығармашылығын дамыту, үздік классикалық, музыкалық шығармалар негізінде жас ұрпаққа көркемдік тәрбие, эстетикалық және адамгершілік тәрбие берудегі оның рөлін күшейту.

3) музыканың жеке,ұжымдық түрлерін дамыту

☑️Номинациялар:

 Баян-аккордеон

 — соло -1 шығарма;

 — дуэт-1 шығарма;

 — ансамбль -1 шығарма.

 ☑️Скрипка, виолончель

 — соло -1 шығарма;

 — дуэт-1 шығарма;

 — ансамбль -1 шығарма.

☑️Қатысушылардың жас ерешеліктері:

 1) Кіші топ –7-9 жас;

 2) Орта топ – 10-12 жас;

 3) Үлкен топ–13-15 жас;

 4) Аралас топ. (дуэт, ансамбль)