Әдістемелік кабинет пен «№ 1 Балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары арасында«Екі жұлдыз» қалалық ән байқауы өтеді.

Байқауға қатысушы жұп қосымша білім беру ұйымының бір вокал класы оқытушысы, бір басқа маман иесі болуы керек.
Байқау екі кезеңнен тұрады.Бірінші кезең: 80-90 жылдардағы хит әндерді орындау.Екінші кезең: Қазіргі заман хит әндерін орындауЖұлдызды жұптардың міндеті – тек сахнаға шығып ән айту ғана емес, өзге қарсыластарынан артықтығын көрерменге дәлелдей білу. Ол үшін сайыскерлер 80-90 жылдардағы және қазіргі заман хиттерін орындап, түрлі жанрды еркін меңгере алатынын көрсетеді және алуан түрлі образдарға енеді. Сонымен қатар бұл вокалды жарыс болғандықтан фонограмма қолданылмайды. Қатысушылар тек жанды дауыспен ән айтуы тиіс.
Бағалау критерийлері:- Сырт келбеті, киім кию үлгісі;- Жұптық (дуэт) орындау үйлесімділігі;- Ән орындау шеберлігі;- Сахналық қойылым ерекшелігі.
Байқау 2023 жылдың 27 қаңтар күні «№1 Балалар музыка мектебі» МКҚК өткізіледі.Басталу уақыты: 27.01.2023 ж. сағ: 16.00
Өтініш 2023 жылдың 24 қаңтарға дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады:Мекен –жайы: №1 Балалар музыка мектебі, Қарасай батыр көшесі, 25 үй,Электронды пошта: muzshkola2022@mail.ruБайқауға жауапты: Директордың ТІ жөніндегі орынбасары: Оразғалиева Сандуғаш НұркенқызыБайланыс телефоны: 87088109471