Бітіруші түлектердің есеп беру концерті

4 маусым күні  №1  Балалар музыка мектебінің «Баян- аккордеон» класының түлектері Сағидоллаұлы Асылхан, Саилыбаев Жасұлан, Маймаков Нұржан, Жұмабайқызы Жаннұрдың  есеп беру   концерті өткізілді.

️Мектеп маңы толыпты жарасымға,

️Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

️Өмірге қанат қақты жас өрендер,

️Асыл арман гүл атып санасында – демекші, бітіруші түлектердің өнерлері тамашаланды🔔🔔🔔

️Салтанатты жиында бітіруші түлектер жарыса өнер көрсете, ата-аналарын өнерлерімен тәнті ете білді.

☑️☑️☑️Бітіруші түлектердің ата-аналары оқытушылары Гульмарям Бекмурзаевна мен Акгул Муратовнаға алғыс айтып, тілектерін білдірді.