ЕСЕП БЕРУ КОНЦЕРТІ

♦️♦️♦️Балалар — болашақтың ғажайып, жанды бейнесі♦️♦️♦️

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, жаңа кірген 2022 Барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялады.

”Балалар жылы”аясында  29 мамыр күні Өнер орталығында «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ және №1 Балалар музыка мектебі – ЮНЕСКО клубы педагогикалық ұжымы мен оқушыларының және Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармониясының Ахмет Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі мен камералық оркестрдің бірлескен  «Ұрпақтар үндестігі» атты концерті жоғары деңгейде өткізілді.

Мектебіміздің тіреуі мерейлі оқытушылар еңбегінің нәтижесінде өнерлі шәкірттеріміз түрлі өнерлерімен жоғары деңгейде көріне білді.

Ахмет Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі мен камералық оркестрдің бірлескен концерті оқушыларымыздың үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, өркендеуіне септігін тигізетініне сенім артамыз!

Ақ бесік, ақ отау мәңгілік,

Жасай бер, жаңарып, жаңғырып.

Өнер білім мекені,

Гүлдене бер, № 1 балалар музыка мектебі!!!

 ”Өнер талантты өсіреді” деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік!