Облыстық «Жас музыканттар» фестиваль-байқауы бойынша

АҚПАРАТ

«Ақтөбе-Дарын» ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы  мен  «№ 1 Балалар музыка мектебі» МКҚК  біріге ұйымдастыруымен

15-16 ақпан күндері балалар музыка мектебі мен өнер мектептерінің

білім алушылары арасында республикалық деңгейде өтетін

«Жас музыканттар» фестиваль-байқауының облыстық іріктеу кезеңі өткізілуде.

Байқаудың мақсаты:

Музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру.

Міндеттері:

жас музыканттардың эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу;

әр түрлі музыкалық аспаптарда балалардың орындаушылығын танымал ету, музыкалаудың ұжымдық нысандарын дамыту және жетілдіру, білім алушылардың өзін-өзі жүзеге асыру, қоғамдық тану үшін мүмкіндіктерін кеңейту;

музыка өнері саласында балалар шығармашылығын дамытуды ынталандыру;

балалар музыка мектептері мен өнер мектептері оқушыларының кәсіби дайындық деңгейін арттыру;

классикалық, халықтық және заманауи музыкаға деген қызығушылықты дамыту.

Фестиваль-байқауды бағалайтын әділқазылар мүшелігі:

Қазақ ұлт аспаптар номинациясы (домбыра, қобыз, қыл қобыз, сазсырнай, шертер, жетіген)  бойынша:

1. Кенжалиев Елубай Мухамбетович — ҚР “ Мәдениет саласының үздігі” , Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы директоры

2. Раимбергенов Абдрашид Искакович — Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, «Музыка және Хореография» кафедрасының доценті, өнертану мамандығы бойынша философия докторы.

3.  Хамзин Талап  Едилханулы — А.Жұбанов  атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің оқытушысы, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы Қазақ оркестрінің бас концертмейстері, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты,

«Күйшілер Одағы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Ақтөбе облысы филиалының жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі

4.   Каюпова Мира Абдыкаримовна — Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінде және «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық  ансамблінің қобыз тобының концертмейстері. Халықаралық және Республикалық конкурстарының лауреаты.

5. Мерғали Перизат Серікқызы — Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінде және «Достық сазы» фольклорлық  ансамблінің қыл қобызшысы, А.Жұбанов ат.Ақтөбе музыкалық колледжінің оқытушысы Халықаралық және Республикалық конкурстарының лауреаты.

Орыс  ұлт аспаптар номинациясы (баян, аккордеон, гитара) бойынша:

6. Ермекбаев Али Акбергенович —  Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының камералық оркестр дирижеры және көркемдік жетекшісі. ҚР “ Мәдениет саласының үздігі”.

7. Жаксибеков Гарифулла Орынбасарович — Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінде және «Достық сазы» фольклорлық  ансамблінің баянисті. ҚР “ Мәдениет саласының үздігі”.

Фестиваль-байқауға  қатысуға аудандардан (Мәртөк ауданы,Қ.Медетов ат.балалар өнер мектебі, Қобда аудандық балалар өнер мектебі,Темір ауданы, Шұбарқұдық балалар музыка мектебі, Хромтау ауданы балалар музыка мектебі, Ырғыз ауданы балалар өнер мектебі, Шалқар ауданының Саз мектебі, Байғанин ауданы Б.Тәжібаев ат.балалар музыка мектебі, Мұғалжар ауданы А.Жұбанов ат.балалар музыка мектебі, Алға балалар өнер мектебі)  және қаланың (№ 1, 2, 3 БММ  және Қазанғап өнер мектебі) балалар музыка мектебі мен өнер мектептерінен 106 оқушы  жеке орындаушылардан және 22 ұжымдық топтан /ұжымдық топтардағы бала саны – 239/  сұраныс қабылданды.

Солистер төмендегі жас санаттары бойынша өнер көрсетеді:

1/кіші жас тобы  — 7-10 жас;

2/орташа жас тобы – 11-13 жас;

3/ересек жас тобы – 14-17 жас.

Байқаудың бірінші күні Қазақ ұлт аспаптары номинациясы (домбыра, қобыз,қыл-қобыз, жетіген, шертер,сазсырнай) бойынша 88 оқушы, Орыс ұлт аспаптары номинациясы (гитара,баян-аккардеон) бойынша 18 оқушы қатысып бәсекеге түсті.

Фестиваль-байқау өте тартысты басталды.

«Ақтөбе-Дарын» ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы  мен  «№ 1 Балалар музыка мектебі» МКҚК  біріге ұйымдастыруымен

өткізіліп жатырған балалар музыка мектебі мен өнер мектептерінің

білім алушылары арасында республикалық деңгейде өтетін

«Жас музыканттар» фестиваль-байқауының облыстық іріктеу кезеңінің екінші күні  қаланың музыка мектептері мен өнер мектептерінің және аудандардан келген 22 ұжымдық топ бәсекелестікке түсті.

Байқауда ұжымның өнер көрсету бағдарламасына әртүрлі сипаттағы туындылар, олардың бірі — Қазақстан композиторының шығармасы немесе өңделген қазақтың халық әуені енгізілуі тиіс болатын. Фестиваль-байқауда әр ұжымдық топ төрт шығармадан орындады. Әр ұжымның өнер көрсету уақыты 15 минут болатын.

Фестиваль-байқау қорытындысы бойынша әділқазылар мүшелігінің шешімімен орындар белгіленді.

Солистер /жеке орындау/ бойынша Бас жүлде иеленгендер:

Молдағалиев Бекарыс (ДОМБЫРА) – Ақтөбе қаласы, «№ 1 Балалар музыка мектебі» МКҚК

Маймаков Нұржан (БАЯН) — Ақтөбе қаласы, «№ 1 Балалар музыка мектебі» МКҚК

Жүлделі I орын иеленгендер:

Мұханбетсағыров Батырхан (Домбыра) – Ақтөбе қаласы «Қазанғап ат.балалар өнер мектебі» МКҚК

Бақбергенов Бекарыс (Домбыра) – Ақтөбе қаласы, «№ 3 Балалар музыка мектебі» МКҚК

Мыңсызбай Қарақат (Домбыра) – Хромтау ауданы, Балалар музыка мектебі

Сайлыбаев Жасұлан  (Аккардеон) – Ақтөбе қаласы, «№ 1 Балалар музыка мектебі» МКҚК

Жұмабайқызы Жаннұр (Баян) — Ақтөбе қаласы, «№ 1 Балалар музыка мектебі» МКҚК

Погорелова Александра (Жетіген) — Ақтөбе қаласы «Қазанғап ат.балалар өнер мектебі» МКҚК

Төлеуғали Жансерік (Баян) — Ақтөбе қаласы, «№ 1 Балалар музыка мектебі» МКҚК

Атамұрат Әбілмансұр (Баян) – Алға балалар өнер мектебі

Оспанова Жадыра (Қобыз) — Ақтөбе қаласы, «№ 3 Балалар музыка мектебі» МКҚК

Қырықбай Динара (Қобыз) — Ақтөбе қаласы, «№ 1 Балалар музыка мектебі» МКҚК

ҰЖЫМДЫҚ НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ЖҮЛДЕЛІ  I ОРЫН ИЕЛЕНГЕН ҰЖЫМ:

«Көңілашар» фольклорлық ансамблі — Ақтөбе қаласы, «№ 1 Балалар музыка мектебі» МКҚК, жетекшісі Б.Ж.Зейнелов

«Жас музыканттар» фестиваль-байқауының облыстық іріктеу кезеңінде БАС ЖҮЛДЕ және ЖҮЛДЕЛІ I ОРЫН ИЕЛЕНГЕНДЕРГЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ҚАТЫСУҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ЖЕҢІСТЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!