ПОЭЗИЯ КЕШІ ГҮЛСАМАЛ ТӨРЕДИНҚЫЗЫ

«Көгілдірім  көркем – Көкемарал Көктем!» атты поэзия кеші

8 ақпан күні мектебімізде жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер, аудармашы Аймаханова Гүлсамал Төрединқызының ұлылығын дәріптейтін «Көгілдірім  көркем – Көкемарал Көктем!» атты поэзия кеші өтті.

☑️☑️☑️Мақсаты:жас ұрпаққа жергілікті  ақынымызды таныстыру, поэзияға қызығушылықтарын ояту.

☑️☑️☑️Кеш оқушыларға  рухани азық болды. Поэзия кешінде оқушылар Гүлсамал Төрединқызының  ақындық жолымен танысып, шығармашылығын талдап, жергілікті ақынымыздың өлеңдерін оқып, балалардың поэзияға қызығушылықтары оянды.

☑️☑️☑️Жақсылықты, ізгілікті өлең – жырлары  арқылы сіңіріп, біздерге ем беріп жүрген ақынымыз Гүлсамал Төрединқызымен таныс болды👍👍👍👏👏👏

☑️☑️☑️Өткізілген шараға ат салысып келген Гүлсамал Төрединқызына  алғысымызды білдіре отыра, шығармашылық табыс тілейміз!