Информация

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

📢 Сыбайлас жемқорлық-тәуелсіз Казақстанның, бүгінгі қоғамның өзекті де күрделі мәселелерінің бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат-мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі, оның ішінде келесі міндеттерді шешуге бағытталған шараларды қамтиды:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұйымдастыру;
2.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыктарды анықтау мен жазалаудың тиімділігін арттыру.
3.Сыбайлас жемқорлықты оның барлық көріністерінде қоғамдық қабылдаудан бас тартуға жағдай жасау.
❗ Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам -жарқын болашақ кепілі.

Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауына сүйене отырып сұхбат ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.Президентіміздің Жолдауына сүйене отырып, мектебіміздің бөлім кураторларымен жоспарлы түрде дөңгелек столда сұхбат ұйымдастырылды.
1.Реформалар нәтижесінде көптеген дарынды жас мемлекеттік қызметте өздерінің қарым-қабілетін көрсетуге мүмкіндік алып,жаңа буын өкілдерін қолдау нәтижесі баяндалды;
2.Қоғамдағы зорлық -зомбылық пен қатыгездіктің кең таралуына мемлекет тарапынан жасалып жатқан шараларды күшейтілу туралы айтылды;
3.Еліміздің сыртқы саясатында Қытаймен қарым-қатынас маңызды рөл атқарады,Қазақстан қоғамының болашақ ҚХР-мен ынтымақтастығының өрбуі туралы баяндалды;
4.Үкіметтің стратегиялық міндеттерді іске асыру нәтижесі айтылды;
5.Қасіретті Қаңтар оқиғасы және одан кейінгі өзгерістер мен ұсынымдар нәтижесі ортаға салынды.

«Қош келдің, әз Наурыз!»  шарасы

Бүгін 19  Наурыз күні «Қазақ ұлттық аспаптар бөлімінің» апталығының жабылуы  Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен, «Қош келдің, әз Наурыз!»  шарасы өткізілді.

Шара барысында 09.03-19.03 аралығындағы апталық жұмыс жоспары негізінде өткізілген жұмыстар бойынша  бөлім меңгерушісі Саналина Жеңісгүл Тотанбаевна есеп берді.

Ұлыстың ұлы күні еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

«ТҰМАР-АЙ» вокалдық ансамблі