Шеберлік сабақ
А. Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде қазақтың көрнекті композиторы, академик Ахмет Жұбановтың шөбересі Жәңгір Жұбановтың қатысуымен тағылымды шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Шеберлік сабағы барысында орындаушылық шеберлікті жетілдіру, музыкалық шығармалардың көркемдік мазмұнын терең түсіну және кәсіби орындаушылық дағдыларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған шеберлік сабағына скрипка сыныбының оқушылары Қали Данасұлу мен Бычков Нил қатысып, өз өнерлерін шыңдап, құнды кәсіби тәжірибе жинақтады.
Осындай тағылымды кездесулер жас музыканттардың шығармашылық дамуына жол ашып, кәсіби шеберліктерін арттыруға зор мүмкіндік береді!

