Жиналыс «Үштік одақ: мектеп, ұстаз және ата-ана

«Үштік одақ: Мектеп – Ұстаз – Ата-ана» тақырыбында 2026–2027 оқу жылына қабылданған оқушылардың ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді. Жиын барысында мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланысты нығайту, бала тәрбиесі мен сапалы білім берудегі ортақ жауапкершілік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бұйрық талаптары түсіндіріліп, ата-аналар мен оқушылардың заңды өкілдерінен заңсыз ақша жинауға, сыйлықтар мен материалдық құндылықтар қабылдауға және қандай да бір мәжбүрлі қаржылай көмек көрсетуге жол бермеу мәселелері қарастырылды. Бала болашағы – ортақ міндет! Мектеп, ұстаз және ата-ана бірлігі – сапалы білім мен саналы тәрбиенің негізі!