СЕМИНАР Қалалық вокал
«Ән айту өнерінде дауыс қою ерекшеліктері» тақырыбында қалалық семинар
22 ақпан күні “Ақтөбе қаласының білім бөлімі” ММ жанындағы “Әдістемелік кабинет” КММ бірігіп №1 Балалар музыка мектебінің вокал класының оқытушылары «Ән айту өнерінде дауыс қою ерекшеліктері» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Семинарға қосымша білім беру ұйымынан 16 оқытушы қатысты.
Семинар барысында №1 Балалар музыка мектебі “Вокал” бөлімінің оқытушылары академиялық вокалдан М.С.Сапарова, эстрадалық вокалдан Б.Б.Қатарбаева, дәстүрлі ән бойынша Н.С.Шайық, В.А.Алматова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
✔️✔️✔️№41 Назерке балабақшасының логопеді Г.К.Молдагалиева «Тұтығу диагнозы бойынша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту» тақырыбында жаттығулар түрін көрсетті. ✔️✔️✔️Семинарға қатысушылар, мұндай кездесулер педагогтардың іс тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай олардың кәсібилігін дамытуда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.