М.Мақатаев
«Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» атты әдеби-сазды кеш
Бүгін 9 ақпан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Мақсаты:ақиық ақын, артына айтрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.
М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну.
Кезінде ақиық ақын М.Мақатаев:
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын.
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын»,- деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті.
1/ Ән: «Есіңе мені алғайсың». Орындаған: Ә.Лайықова, Г.Тулемисова
2/ Ән: «Сенің көзің». Орындаған: А.Нуралин
3/ Күй тартыс. Орындаған: Б.Нұрқасым, Ә.Сарсеналин
4/ М.Мақатаев: «Анашым», мәнерлеп оқыған Тұрмұхамбет Омар
5/ М.Мақатаев: «Өкінбеймін», оқыған Лайыкова Әсел
6/ М.Мақатаев: «Тағдырмен бетпе-бет», оқыған Ақжанбеков Нұрдаулет
7/ М.Мақатаев: «Пай,пай өмір», Бақыткелді Нұрқасым