«УГАДАЙ МЕЛОДИЮ»
7 ақпан күні музыкалық теория пәндері өздерінің апталық жұмыс жоспарын «УГАДАЙ МЕЛОДИЮ» бағдарламасын өткізумен бастады.
Мақсаты:музыка әдебиетіне оқушылардың қызығушылығын арттыру және композиторлардың шығармаларымен етене танысу.
“УГАДАЙ МЕЛОДИЮ” шоу бағдарламасы 3 кезеңнен тұрды:
✔️ 1 кезең — шетел композиторларының шығармалары;
✔️2 кезең — мультфильмдердегі шығармалардан үзінді;
✔️3 кезең — қазақ композиторларының шығармалары;
✔️4 кезең –орыс композиторларының шығармаларын табу🎶🎼
Бағдарламаға мектебіміздің оқушылары Сайлыбаев Жасұлан, Нуралиев Қажымұқан, Темирбаева Милана, Георгиев Алексей, Тасанова Аружан , Елембаев Ақжол асқан қызығушылықпен бәсекелестікке түсе қатысып, оқушыларға тартысты әрі қызықты бағдарлама болды.