07.02.2025ж. күні “Өрт қауіпсіздігі” тақырыбында Ақтөбе қаласының #3 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында өрт қауіпсіздігі ережелері туралы бейнеролик көрсетіліп, мекемедегі өрт сөндіруге арналған құралдары және оларды пайдалану тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу соңында оқушылар сұрақтар қойып, арнайы мамандардан сұрақтарына жауап алды.