“Әншуақ” қазақ тіліндегі Республикалық балалар әндері фестивалі аясында “Бала дауысы” атты

2025 жылғы 4 ақпанда «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы мен №1 Балалар музыка мектебі “Әншуақ” қазақ тіліндегі Республикалық балалар әндері фестивалі аясында “Бала дауысы” атты облыстық ән байқауын қашықтан (сырттай) өткізді.

Байқауға қосымша білім беру ұйымдарынан 73 оқушы және 11 хор ұжымы қатысып, қазылар алқасының шешімі негізінде жүлдегерлер анықталды.

Байқау қорытындысын аktobe.daryn.kz сайтынан көре аласыздар

Өнер көгіне талпынған өнерлі өрендер мен жетекшілерін құттықтаймыз!
Қанаттарың талмасын, жас өнерпаз!