Музыканттар қатарына қабылдау
Біртұтастәрбие бағдарламасы негізінде 01, 02 .11.2024 күндері мектебімізде 1 класс оқушыларын “Музыканттар қатарына қабылдау” іс-шарасы болып өтті.
Іс-шарада оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, музыка әлеміндегі бірнеше сұрақтар мен жұмбақтарға жауап берді.
🎶 іс-шара соңында өнер жолында еңбектенуге, білімге құштар болуға ант беріп, музыка кілті бейнеленген медалдар тағылды.
🎼 кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін жауапты, тарихи сәтке айналған бұл сәттің тәрбиелік мәні зор. Өнерге аттаған алғашқы қадамдары құтты болсын!