«Музыкалық дарынды балалар шеруі»
♦️♦️♦️24 МАМЫР КҮНІ МЕКТЕБІМІЗДЕ «2022 ЖЫЛ – БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА «Ақтөбе қаласының білім басқармасы» ММ біріге ұйымдастырылған «Музыкалық дарынды балалар шеруі» атты облыстық байқауының іріктеу кезеңі төмендегі номинациялар бойынша өткізілді:
1/Фортепиано
2/Кларнет
3/Флейта
4/Виолончель
5/Скрипка
6/Баян-аккордеон
Байқаудың мақсат-міндеттері:
✔️Музыкалық дарынды балаларды қолдау,музыкалық орындау шеберлігін дамыту;
✔️Балаларға ықпал ететін музыкалық – эстетикалық ортаны қалыптастыру;
✔️Балалардың бойындағы патриоттық сезімді, өз Отаныныа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
✔️Жас музыкант орындаушылардың шығармашылығын жүзеге асыруына жағдай жасау🎼🎼🎼
✅✅✅Байқауға қатысуға жалпы Ақтөбе облысының /Шалқар, Мәртөк, Ойыл, Алға, Байғанин аудандарынан/ және Ақтөбе қаласының қосымша білім беру мекемелерінің /№ 1 БММ, № 2 БММ, № 3 БММ, Қазанғап балалар өнер мектебі, Қалалық оқушылар сарайы/ оқушыларынан 120 сұраныс түсті.
Фортепиано номинациясы бойынша 78 оқушы, Баян-аккордеон,скрипка, кларнет, виолончель, флейта» номинациялары бойынша 44 оқушы қатысты.
I іріктеу кезеңінен жақсы өнер көрсете сүрінбей, финалға өткен оқушылар саны — 45 оқушы
✅Қазылар алқасының аты-жөні:
1/Трехманенко Маргарита Ивановна — А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің арнайы фортепиано класының оқытушысы;
2/ Кожанбаева Бибинур Каиргалиевна — А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы, Халықаралық және Республикалық конкурстардың дипломанты;
3/Абишова Акгуль Муратовна- халық аспаптар бөлімінің ұстазы, педагогика ғылымдарының магистрі;
4/Ауесова Лаура Мажитовна- А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің скрипка класының жоғары санатты зерттеуші оқытушысы;
5/Бекбулатова Эльмира Ербулатовна- А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің флейта класының оқытушысы.
БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК!!