МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ «Соңғы қоңырау» мерекесі
4 маусым күні 2021-2022 оқу жылының бітіруші түлектерімен «Соңғы қоңырау» мерекесі өткізілді. Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәтте келіп жетті.
5-7 жыл бойы тәлім – тәрбие берген ұстаздар мен ата — аналардың еңбегінің жемісі болып саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасынан шығып үлкен өмірге қадам басардағы қуанышты күні құтты болсын!