АШЫҚ САБАҚ: “Скрипка сыныбындағы дыбыс шығару сапасы бойынша жұмыс”

♦️♦️♦️ 12 мамыр күні “Скрипка” класының оқытушысы А.Н.Уразалина “Скрипка сыныбындағы дыбыс шығару сапасы бойынша жұмыс” тақырыбында ашық сабағын өткізді.
️
️
️Мақсаты:
Әр түрлі пьесаларды ойнау кезінде дыбыспен жұмыс жасау, үздіксіз дыбысталумен жұмыс істеу, басқа ішектерге тимеу, смычокты сапалы жүргізу, штрихтарды орындау, оң қолды басқару.
️
️
️Міндеті:
— «дыбыс мәдениеті» ұғымын түсіндіру;
— аспапта ойнау, жазбаларды тыңдау,бейнематериалдарды қарау;
— оқушының ойын аппараты, сапалы дыбыс шығаруды үйрету.